Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) салалардың әлемдік көшбасшыларымен және дәлелденген сараптамаға ие, ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа дайын және Қазақстанның экономикалық дамуының басымдықтарын бөлісетін өңірлік ойыншылармен стратегиялық серіктестіктер құрады.
Біздің инвестициялар үлестік қатысу форматында іске асырылады: KIDF инвесторлар мен мемлекеттің мүдделері арасындағы тепе-теңдікті сақтай отырып, сенімді серіктес ретінде әрекет етеді.
БАСЫМ СЕКТОРЛАР
- Өнеркәсіп - импортты алмастыру және қосылған құны жоғары өнімдер өндірісі
- Ауыл шаруашылығы – экспортқа бағытталған жобалар
- Инфрақұрылым - энергетика, сумен жабдықтау және тазарту, көлік және коммуналдық қызметтер
- Қызмет көрсету саласы – туризм, денсаулық сақтау, логистика, IT және инновация
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ҚҰРЫЛЫМЫ
- Бақылау пакеті стратегиялық серіктесте қалады; KIDF миноритарлық акционер мәртебесінде капиталға қатысады.
ҚАРАЖАТТЫҢ НЫСАНАЛЫ МАҚСАТЫ
KIDF инвестициялары мыналарға бағытталуы мүмкін:
- Құрылыс-монтаж жұмыстары
- Жабдықты сатып алу
- Инженерлік және жобалау
- Жобаны іске асыру үшін қажетті басқа да күрделі шығындар
ИНВЕСТИЦИЯЛАР ГЕОГРАФИЯСЫ
- Барлық жобалар Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылады
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КӨКЖИЕК
- Инфрақұрылымдық жобалар - 20 жылға дейін
- Басқа секторлар - 10 жылға дейін